Вирусты жұқтырған жағдайда дәрігерлерге 2 миллион теңге өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусты жұқтырған жағдайда дәрігерлерге 2 миллион теңге өтемақы төленеді

30.03.2020

Короновируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне жаңа әлеуметтік пакет бекітті. Төтетше жағдай кезінде ақ халаттылар кемінде 400 мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін еңбекақы алатын болды. Бұл туралы бүгін Президент тапсырмасынан кейін мемлекеттік комиссия жариялады.

Өз тағдырын қатерге тігіп, өзгенің өмірін арашалап жүрген дәрігерлердің еңбегі еленеді. Өткен сенбідегі Президенттің пәрмені осындай болатын.

 Сөйтіп, төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі:

Бұдан бөлек, медицина қызметкері коронавирус жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге өтемақы төлеу де қарастырылды. Ал көз жұмған жағдайда 10 миллион теңге төленеді.

«Сонымен қатар, 18 наурыздан бастап шетелде жүрген 7702 қазақстандық мемлекеттің көмегімен елге жеткізілді. Алдағы күндері тағы 752 азаматты әкелу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының ерекше бақылауында»,- деді Дәурен Абаев.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу