Сақтандыру қызметі онлайн жүйеге ауысады
Жуырда сақтандыру қызметі онлайн түрде рәсімделеді. Яғни, үйде отырып, интернет арқылы сақтандырудың кез келген түрін пайдалана аласыз. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев «Сақтандыру қызметі туралы» заңның жаңа жобасын таныстырды. Құжат ақпараттық технологияның жетілген уақытына сай дайындалған. Әлемдік тәжірибе толық ескерілген. Қазір дүние жүзі бойынша сақтандыру полисін онлайн сатып алушылардың үлесі 40 пайызға жеткен. Нәтижесінде дамыған елдер ішкі табысының 7 пайызын осы саладан тауып отыр. Ал, бұл көрсеткіш біздің елде 1 пайызға да жетпейді. Құжат осы айдың соңында Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауына жетеді.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
ЖИ ұстазға пайдалы, ал оқушыға ше? СhatGPT-ден көшіріп, тапсырма орындау үрдісі
04.10.2026, 18:33
Бөліп төлеуге қатысты қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
04.10.2026, 18:02
Кітап оқып, 10 млн ұтып ал: Марафонға 1,3 млн-нан астам адам тіркелген
04.10.2026, 17:48
Баспана сатып аларда нені ескеру керек?
04.10.2026, 17:10
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25