Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев есеп берді

19.02.2020

Алматыға әкім болып тағайындалғанына 8 ай толған Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың алдында есеп берді. Жиынға 5000 адам қатысты. Атқарылған істер мен алдағы жоспарлар тұтас айтылды. Көпшілік шаһар басшысына қордаланған мәселелерді жеткізді.

Ақпаратқа қанық әкім көптің көңілінде жүрген күпті мәселелердің шешілетіндігін жеткізді. Мәселен, былтыр 450 жаңа автобус сатып алынса, енді биыл тағы 400 қоғамдық көлік алынбақ. Жолақысы өспейді. Сонымен қатар, былтыр жер мәселесіне қатысты 6693 оң шешім қабылданды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Сейфуллин мен Жансүгіров қиылысындағы жолайырықтың құрылысын жалғастыру үшін 117 үйдің иелеріне өтемақы төленді. Абай даңғылын кеңейту үшін 59 үйдің иелеріне де берілді. Олар өтемақыны екі жылдан бері күтіп жүрген. Ал қала меншігіне өткен 383,5 гектар бос жерлерге әлеуметтік нысандар салынады.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта қаланы абаттандыруға қатысты азаматтардың тілектері мен өтініштері ескерілетін I-Azamat цифрлы жобасы іске қосылады. Бұл шаһардың көркеюіне ықпал етеді.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу