Дәрі-дәрмек бағасын заңсыз өсірген 6 мекемеге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмек бағасын заңсыз өсірген 6 мекемеге айыппұл салынды

06.02.2020

Дәрі-дәрмек бағасын заңсыз өсірген 6 мекемеге айыппұл салынды. Халықтың қалтасын қағып, бағаны негізсіз өсіргендерді жазалаудың бұл- алғашқы нәтижесі. Былтыр елімізде дәрі-дәрмектердің шекті бағасы белгіленген болатын. Ол талапты орындамаған фармацевтикалық компаниялар нарықтан да кетуі мүмкін.

Былтырдан бастап дәрі бағасы жылына екі рет бекітіледі. Ол барлық аймақта, қалада, ауылда, барлық дәріханада баға содан төмен болуы керек. Шекті бағадан асыруға ешкімнің құқығы жоқ.

Яғни бір дәріханада -1200, екіншісінде -1300, ал кейбірінде -1800 болуы мүмкін. Себебі дәрілердің 85 проценті шетелден әкелінеді. Соған орай оның бағасы әртүрлі болады. Мемлекет соның белгіленген құннан аспауын қадағалайды.

Егер фармацевтикалық компания бағаны заңсыз көтерсе, әкімшілік жауап¬кер¬шілікке тартылады, айыппұл салынады, ал ол екінші мәрте қайталанатын болса, лицензиясынан айырылады.

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу