Еліміздегі әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі

06.02.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының басшысы және «Best for kids» қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеров, «Дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская мен «Қамқор отау» әлеуметтік жобасының директоры әрі «Тренинг-Кафе» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров қатысты. Іскер топ Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен оны әрі қарай дамыту жолдары жайында әңгімеледі. Аталған салада қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы да қалыс қалмады. Сондай-ақ Президентке биыл күзде әлеуметтік кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу жөніндегі жоспарын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін ризашылық білдіріп, олардың форум өткізу жайындағы идеясын қолдады. Мемлекет басшысы бүкіл республика аумағындағы әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу