Қазақстанның Ресейдегі елшісі В.Путинге сенім грамотасын тапсырды
Еліміздің Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Ресей Президенті Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды. Ал көрші елдің басшысы Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Тек өткен жылы Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз рет кездескен, сауда айналымы өсті, біздің елде жеті мыңнан астам ресейлік кәсіпорын жұмыс істейді. Көптеген салада әріптестік бекіді. Кейбір халықаралық мәселелерде де көзқарасымыз ортақ. Мәселен, өзара қырғи қабақ мемлекеттерді елдестіруде Қазақстанның орны ерекше. Сирия келіссөздерін өткізу үшін өз алаңын ұсынған Қазақстанның бастамаларын Владимир Путин жоғары бағалайтынын жеткізді.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Парламентаралық шахмат кубогі өтті
23.04.2026, 20:59
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құқықтық акция өтті
23.04.2026, 20:58
Каспийдің келешегі: Экожүйе мен экономикаға қауіп
23.04.2026, 20:57
Орталық Азиядағы эко-волонтерлікті дамыту жөніндегі резолюция қабылданды
23.04.2026, 20:40
Шетелдік БАҚ экологиялық саммитті талқылап жатыр
23.04.2026, 20:38
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында GRECO ұсынымдарының орындалуы қаралды
23.04.2026, 20:35
Жас сайлаушылар форумы өтті
23.04.2026, 20:34
Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталды
23.04.2026, 20:31