Проблема туындаған жағдайда әрбір төртінші қазақстандық партияға иек артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Проблема туындаған жағдайда әрбір төртінші қазақстандық партияға иек артады

05.02.2020

Елбасы бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Халықпен кері байланысты күшейту, партия активінің сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар мен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы ақпарат берілді. Былтыр партияға 213 мыңнан астам азамат жүгінген. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 34 пайызға көп. Сауалнамаларға сәйкес, проблема туындаған жағдайда әрбір төртінші қазақстандық партияға иек артады. Сонымен қатар Партия жақтастарының саны өсуде. Олардың үлесі жарты жылда 2 миллион сайлаушыға артқан. Бірінші жартыжылдықта елдің бүкіл өңірін аралап шығу жоспарланып отыр, бұл ретте проблемалық аудандар мен қалаларға, шалғайдағы елді мекендерге баса назар аударылмақ. Респонденттердің 40%-дан астамы партия қазіргі кезде тұрғындар үшін өзекті мәселелерді көтереді деп санайды. Халықтың мәселесін шешуде партия белсенді болуы тиіс. Елбасы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру барысында аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу