Өскеменде №48 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп жатыр
Өскемен қаласындағы № 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы лицензиясыз жұмыс істеп тұр. Жаңадан салынған білім мекемесі былтыр 1-ші қыркүйекте пайдалануға беріліп, салтанатты түрде ашылу шарасына облыс әкімі қатысқан. Мектеп мемлекеттік тіркеуден өткенімен, әлі күнге дейін лицензия алмаған. Мәселен, бастапқыда нысан орналасқан учаскіге тұрақты жер пайдалану құқығы болмаған. Сол себепті балаларды оқытуға рұқсат қағазды алу жұмысы да сөзылып кеткен. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, лицензияны алуға наурыз айына дейін уақыт бар. Ал аймақтың білім сапасына жауапты департамент өкілдері, белгіленген мерзімде тиісті құжат алынбаса, материалды сотқа жолдаймыз деп отыр.
Берік КӨШЕРБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкент оқушылары табиғат қорғаудың тың тәсілін ұсынды
30.09.2026, 17:38
Ыстанбұлда көлік кептелісі барған сайын күшейіп барады
30.09.2026, 17:38
Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі
30.09.2026, 17:38
Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
30.09.2026, 17:37
Еуропаның автоөндірушілері тығырыққа тірелді
30.09.2026, 17:35
«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
30.09.2026, 17:33
Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды
30.09.2026, 17:30
Семейде робот-ит полицейге көмектеседі
30.09.2026, 17:27