Көпшілік осы жеңілдіктің арқасында діттеген жеріне ақысыз барып келді. Мегаполистегі бүгінгі тағы бір айта қалар ақпараттың бірі келін боп, жаңа босаға аттаған бойжеткен әлі беташар рәсімі өтпей жатып, сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасады.
Бүгін қоғамдық көліктердің ешбірінде кондуктор жоқ. Теңге де бермейсіз, билет те берілмейді. Қалаған бағыттағы автобусқа тегін мініп жүре бересіз. Қала әкімдігі мен жолаушы тасымалдау компаниялары елімізде өтіп жатқан саяси науқанға байланысты осындай ортақ шешімге келді. Шаһар тұрғындарына бүгін 900-дей көлік қызмет көрсетті.
Ардақ Байтүгелова, қала тұрғыны:
Сайлауға байланысты тегін деп естігенбіз. Рас екен. Жететін жерімізге тегін жетіп алдық.
Бүгінгі сайлауда жаңадан отау тіккен жастардың саяси белсенділігі көпті тәнтті етті. Шымкентте әлі беті ашылмаған жас келін дауыс беруге келді. Мұны мегаполис әкімі инстаграм парақшасында жариялады. Сондай-ақ бүгін заңды түрде некелескен жас жұбайлар Мақсат пен Кәмилә да да той киімімен сайлауда өз таңдауларын жасады.
Мақсат Қабылбаев, қала тұрғыны:
9 мауым енді осындай мейрам күніне түсіп отыр. Тойымыз да сайлау күні. Уақытымыз аз болса да осы сайлауға келіп, өзіміздің келешек болашағымызға дауыс беріп кетейік дедік. Бұл болашағымыз әрі келешігеміз үшін.
Президенттік сайлаудың бәсекесінен бұл жолы мүмкіндігі шектеулі жандар да қалыс қалмады. Сайлау учаскелеріне олар арнайы инватаксидің көмегімен жеткізілді. Сайлау бөлімшелерінде ыңғайлы жолдар мен кабина жасақталып, кедергісіз таңдау жасады. Құлағында мүкісі бар және көзі нашар көретіндерге компьютер арқылы арнайы аудиожазбалар, үлкейткіш луппалар дайындалды. Ал көз жанарынан мүлдем айырылғандар сайлау бюллетеньдерін саусақпен сипап көру арқылы үміткерлерге таңдау жасады.
Әнуар Мұсаев, қала тұрғыны:
Президенттің сайлауы болып жатыр екен. Мемлекетімізге рахмет.Инватакси беріп, бізді осындай жерге әкеліп, Президентіміз әр уақытта адал болып, адал қызмет етсін.
Осылайша саяси науқанда белсенділік танытқан Шымкенттің халқы еліміздің арман-мүддесiне қызмет ететiн азаматты жаңылыспай таңдауды мақсат етті.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ