Басты Жаңалықтар Елімізде жастарға арналған «JasA» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Елімізде жастарға арналған «JasA» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Жастардың тың бастамалары қолдау таппақ. Елімізде «Жаса» атты жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр. Мақсаты – жастардың әлеуметтік белсенділігін және азаматтық жауапкершілігін арттыру. Атап айтсақ, экология, әлеуметтік кеңістік, арт-креатив пен жергілікті қауымдастықтарды қолдау бағытында өзіндік идеяларымен, ерекше жобасымен көзге түскендерге грант бөлінеді. Құны - 600 мың теңге көлемінде.

Ол үшін арнайы байқау жарияланып, республика бойынша 14 пен 28 жас аралығындағы азаматтардан 1300-дей өтініш қабылданған. Бүгінде осы шараны іске асыру үшін арнайы қызметкерлер де оқытылып жатыр. Тренингке халықаралық сарапшылар шақырылған.

Айдар Хамит, Жастар қызметкерлері қауымдастығының өкілі:

Зерттеулер жүргізе отырып, жастармен жұмыс істей отырып, біз жастардың белсенділігінің төмен екенін көріп отырмыз. Сондықтан бұл жоба жастардың белсенділігін арттыруға байланысты. Республика бойынша 1300-ге жуық өтініш берілді. Оның ішінде 600 жасты іріктеп алдық. Енді осы 600 жаспен жұмыс жасаймыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу