Мәжіліс депутаты Атырау өңіріндегі тұрғын үй мәселесімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Атырау өңіріндегі тұрғын үй мәселесімен танысты

29.08.2019

Атырауға іссапармен барған Мәжіліс депутаттары дәрігерлер мен мұғалімдер үшін арнайы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Жауапты мамандармен кездескен депутаттар сала қызметкерлеріне ипотекалық несиемен берілетін үйлердің барынша қолжетімді болу керектігін айтты. Өйткені қарапайым ұстаз бен дәрігерге алғашқы жарнаны төлеу қиындық тудырады. Бүгінде медицина мамандарына арналып 297 пәтерлік 4 үй дайын тұр. Оның біреуіне тұрғындар жайғасқан. Қалған 3 үй алдағы қазан айында тапсырылмақ. Несиелік баспанаға 350 адам өтініш білдіріп, олардың 41-не ғана банк келісім берген.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мысалы, алғашқы жарнада үйдің құны 20 миллион болса, 2 немесе 4 миллион ешкімнің жанында жүрген жоқ. Соның ішінде қарапайым мұғалімнің жанында ондай ақша жүрмейді. Сондықтан да мұны әлі де болса жеңілдету жағы, әлі де болса, ұстаздарымызға қолжетілімділігі жағы қарастырылса деген мақсатпен ертең Мәжіліс қабырғасына ұсыныстарымызды алып барамыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу