Бүгін – белгілі актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың  дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – белгілі актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың  дүниеге келген күні

15.02.2017
Бүгін – белгілі актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың  дүниеге келген күні

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Бұдан 28 жыл бұрын (1989 жыл) осы күні Кеңес әскерлері (40-шы армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. Ауғанстан жеріндегі 9 жылғы соғысқа Кеңес Одағының 500 мыңнан астам азаматтары қатысты. Олардың арасында - 22 269-ы қазақстандықтар. 15 мың жауынгер қаза болды. Қазақстан бұл соғыста 889 боздағынан айырылды.

 

Халықаралық қатерлі ісікпен ауыратын балалар күні

Бұл күн күнтізбеде алғаш рет 2001 жылы Бүкіләлемдік қатерлі ісікпен ауыратын балалар ата-аналарының конфедерациясының бастамасымен пайда болды. Бұл атаулы дата алғаш рет 15 қаңтар күні Люксембургте өтті, алайда, кейінірек бір айға артқа жылжыту туралы шешім қабылданды. Қатерлі ісікпен ауыратын балалар күні Халықаралық балалар онкологтар қауымдастығының бастамасымен әлемнің 40-тан астам елінде аталып өтеді.

355 жыл бұрын (1662) Қазақстанның байырғы қалаларының бірі Атырау қаласының іргесі қаланды.

17 жыл бұрын (2000) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қорқыт атаның рухани мұраларын зерттеу жөнінде халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырылды.

7 жыл бұрын (2010) Павлодарда «Скворечник» әдеби театры құрылды. Театрды құрушы, әртіс Халима Хазиеваның айтуынша, «Спектакльдерде әуесқой әртістер ойнайды. Театрда актерлік шеберлікке, сахнада сөйлеу мәнерлігіне үйретеді. «Скворечник» әдеби театрының қойылымдары Антон Чехов атындағы облыстық театрының кіші залында қойылады.

1202

123 жыл бұрын (1894-1966) мемлекет және қоғам қайраткері  Иса ТОҚТЫБАЕВ дүниеге келді.

107 жыл бұрын (1910-1996) ғалым, биология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері  Әндіжан ЕСЕНЖОЛОВ дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1914-1970) актер, кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Шәкен Кенжетайұлы АЙМАНОВ  дүниеге келді.

102 жыл бұрын (1915-1966) қазақ тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі   Ермұхан Бекмаханұлы БЕКМАХАНОВ дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1938-1994) суретші-кескіндемеші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты  Салихитдин Әбдісадықұлы АЙТБАЕВ дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1956) Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының Құрметті профессоры, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының корреспондент мүшесі Ақмырза Исаұлы РҮСТЕМБЕКОВ дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу