«Еуразия» кинофестивалі Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия» кинофестивалі Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады

09.09.2014
«Еуразия» кинофестивалі Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады

Оныншы рет өткізілгелі отырған дәстүрлі «Еуразия» кинофестивалі ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген қазақ режиссері Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады.

Шара аясында Шәкен Аймановтың үздік туындылары көрсетіліп, «Шәкен Айманов - аңыз адам» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

Биылғы байқауға қытайлық белгілі режиссер Цзя Жанке, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Германияның жетекші режиссерлерінің бірі -  Андреас Дрезен қазылық ететін болады.

«Еуразия-2014» іріктеу комиссиясы байқауға қатысуға өтініш білдірген 200-ге тарта кинокартинаның ішінен 12 үміткерді таңдаған.

Қазақстан намысын режиссер Ермек Шынарбаевтың әйгілі актер Жерар Депардье түскен «Дала дауысы» кинокартинасы қорғайды.

Дәурен ДАРИЯБЕК

 

Хабарламаларға жазылу