Бүгін – қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың туған күні

15.02.2016
Бүгін – қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Аймановтың туған күні

Бүгін қазақ киноматографиясының майталманы, режиссер, актер, КСРО-ның халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 102  жыл толып отыр.

Шәкен Аймановтың «Махаббат дастаны», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште» сынды фильмдері қазақ кино өнеріндегі  өміршең туындылар.

Ол «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдаған. 1953 жылдан 1970 жыл аралығында «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлес қосты.

Шәкен Кенжетайұлының тырнақалды режиссерлік жұмысы «Махаббат дастаны». Режиссер 1957 жылы ең алғаш «Біздің сүйікті дәрігер» атты мюзикл түсірген. Оның осы мюзиклында Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Серке Қожамқұлов сынды қазақ өнерінің майталмандары ойнады.

Ал, 1969 жылы «Тақиялы періште» фильмін жарыққа шығарған. Режиссердің соңғы фильмі «Атаманның ақыры» (1970). Бұл туынды режиссер шығармашылығының биік шыңына айналды.  Ал, 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді.

1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының және 1970 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Хабарламаларға жазылу