Бүгін – Шәкен Аймановтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Шәкен Аймановтың туған күні

15.02.2024

Бүгін - кино өнерінің құбылысы, аңыз актер, талантты режисер, сан қырлы өнер иесі Шәкен Аймановтың туғанына – 110 жыл. Қазақтың ұлттық киносының шежіресі Шәкеннен бастау алады. Һас таланттың өзі ғана емес, ол сомдаған әр рөлдің өзі көрермен жүрегінде сақталып, жадында сайрап тұр.

Режиссердің Алтын қорда сақталған «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште, «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды фильмдері шоқтығы биік, қазақ кино өнерінің іргесін қалаған туындылар. Көп ізденістің нәтижесінде, Айманов салада отандық романтикалық-патриоттық мектептің негізін қалады. Оның соңғы еңбегі «Атаманның ақыры» фильмі талантының шарықтау шоқтығы болды. Бұл фильм/ таза іріктелген актерлік құрамы, режиссерлік сапасы, техникалық орындалу деңгейі жағынан да, әлемдік талапқа сай шыққан туынды еді. Қазақ кино өнері қаншалықты дамып, заманға сай өзгергенімен өзегінде Шәкен Аймановтың қолтаңбасы дараланып тұра бермек.

Смағұл Елубай, Қазақстанның халық жазушысы:

Бұл кісінің адам таңғалатын жағы – өзі режиссер, кино режиссері, театр режиссері, актер және кейде сценарий де жазып кетеді, ұйымдастырушы, әншілігі де бар өнерпаз. Қарасаңыз, универсал талант. 

Хабарламаларға жазылу