Бүгін Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Шекара - 2014» киномарафоны басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Шекара - 2014» киномарафоны басталады

26.09.2014
Бүгін Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Шекара - 2014» киномарафоны басталады

Казақ театр және кино өнерінің қайраткері Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шараның бірі - «Шекара - 2014» деген атпен өтетін киномарафон бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясынан бастау алады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай іс-шара, ұйымдастырушылардың пікірінше, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық және эстетикалық тәрбие беруге бағытталып отыр.

Бірнеше күнге созылатын киномарафон Шекара қызметінің «Шығыс», «Оңтүстік», «Батыс» және «Жағалау күзеті» өңірлік басқармаларында жалғасын табады. 

Қазақстанның белгілі кинематографистері қатысатын іс-шара барысында аймақтағы шекарашылар, жалпы көрермендер үшін аты аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовпен шығармашылық кездесулер өткізіліп,  атақты актер ойнаған фильмдер мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген туындылар көрсетілетін болады.

Киномарафон осы жылдың 29 қазанында Қызылорда облысында аяқталады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу