Мәскеуде Шәкен Аймановтың 100 жылдығы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Шәкен Аймановтың 100 жылдығы аталып өтті

04.03.2014
Мәскеуде Шәкен Аймановтың 100 жылдығы аталып өтті

Биыл қазақтың әйгілі режиссері әрі актері Шәкен Аймановтың дүниеге келгеніне 100 жыл. Режиссердің мерейтойы Мәскеу қаласында аталы өтті.

 
Естеріңізде болса, 1970 жылы, Шәкен Айманов, дәл осы қалада мезгілсіз қайтыс болған еді. Ол - қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Шәкен Кенжетайұлы түсірген  «Алдар көсе», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» және «Атаманның ақыры» сынды фильмдер, әлі күнге дейін ел есінде.
 
Халқымыздың талантты ұлын еске алу үшін Ресей астанасындағы Кино үйіне жергілікті қазақ диаспорасы мен ресейлік кино саласының мамандары бас қосты.
 
Олар Шәкен Аймановтың қазақ өнерінде өшпес із қалдырған көрнекті тұлға екеніне тоқталып, еңбегіне ерекше баға берді. Кештің соңында режиссердің қолынан шыққан ең соңғы туынды - «Атаманның ақыры» фильмі  көпшілікке көрсетілді.
 
Геннадий Юхтин, Ресейдің Халық әртісі:
Шәкен Айманов бірегей тұлға болды. Оның есімін Қазақстан ғана емес, бұрынғы кеңестік елдердің бәрі біледі десем артық айтқаным емес. Оның түсірген керемет фильмдері күні бүгінге дейін көрсетіліп келеді. Оның үстіне Шәкен Аймановтың артынан қаншама талантты қазақ режиссерлері өсіп шықты. Сондықтан біз оның есімін ешқашан ұмытпауымыз керек. 
 
 
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу