Бүгін 1 мамыр - ынтымақ пен бірлікті, достық пен татулықты дәріптейтін күн. Бұл атаулы мерекенің шығу тарихына үңіліп көрсек. 1886 жылы чикаголық жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етеді. Алайда, көтеріліс сәтсіз аяқталады.
Арада үш жылдан соң париждік ІІ интернационал конгресі 1 мамырды әлем жұмысшыларының ынтымақтастығы күні деп атап, жыл сайын осы күні демонстрацияға шығып, талап қоюға шақырды.
Ал, Ресей империясында бұл мереке алғаш рет 1890 жылы аталып өтілді. Ал, 1917 жылы 1 мамыр мерекесі ашық тойлана бастады. Осыдан бастап 1 мамыр ұзақ уақыт бойы халықаралық барлық елдер жұмысшыларының ынтымақтастығы күні болып аталып келеді.
Қазір елімізде бұл күн Қазақстан халқының бірлігі күні деп аталып өтіледі. Ал, әлем елдерінде бірлік мерекесі қалай тойланады? Толығырақ «Таңшолпанда».