121 жыл бұрын қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Сапарғали Бегалин  дүниеге келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

121 жыл бұрын қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Сапарғали Бегалин  дүниеге келген

23.11.2016
121 жыл бұрын қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Сапарғали Бегалин  дүниеге келген

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

55 жыл бұрын (1961) Жезқазған қалалық кітапханасына Мұхтар Әуезов есімі берілді.

16 жыл бұрын (2000) «Қазақстан» журналы жарық көрді.

12 жыл бұрын (2004) Алматыда көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Сауық Тәкежанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.

11 жыл бұрын (2005) Алматыда М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында қаламгер Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір» музыкалық драмасының премьерасы болды.

7 жыл бұрын (2009) Алматыда Қытайдағы қазақ әдебиетінің классигі, белгілі саяси қайраткер, шыңжаңдық қандасымыз Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романының тұсаукесер рәсімі өтті.

6 жыл бұрын (2010) ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі www.baq.kz порталының тұсауын кесті. BAQ.KZ ақпараттық порталы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту мақсатында құрылған.

2 жыл бұрын (2014) Алматы облысы Бесағаш кентінде аты аңызға айналған спортшы, Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікке ескерткіш орнатылды.


ЕСІМДЕР

121 жыл бұрын (1895-1983) қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы Сапарғали Ысқақұлы БЕГАЛИН  дүниеге келді.

гглнглнглн

83 жыл бұрын (1933-1997) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрсынжан АЙНАҚҰЛОВ  дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1941) кеңестік және ресейлік тележүргізуші, КТК ұйымдастырушысы және жүргізушісі Александр Васильевич  МАСЛЯКОВ дүниеге келді.

юолюлоюол

Хабарламаларға жазылу