77 жыл бұрын қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі  Флобер Мұқанов  дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

77 жыл бұрын қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі  Флобер Мұқанов  дүниеге келді

13.12.2016
77 жыл бұрын қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі  Флобер Мұқанов  дүниеге келді

14 желтоқсан, сәрсенбі, 2016 жыл
 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

22 жыл бұрын (1994) Алматыдағы Республика алаңында Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін болашақ ескерткіштің орнына мәрмәрдан аманат тасын қоюға орай митингі болды.

21 жыл бұрын (1995) республикалық апталық «Целина» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

19 жыл бұрын (1997) Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды.

 

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1939-2011) суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі  Флобер Темірғалиұлы МҰҚАНОВ  дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1953) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы мұражайдың директоры, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты ТАЙМАҒАНБЕТОВ Жәкен  Қожахметұлы дүниеге келді.

46 жыл бұрын (1970) палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның он екі дүркін чемпионы, Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығының директоры МАМЫРОВ Мәулен Сатымбайұлы дүниеге келді.

513 жыл бұрын (1503-1566) француз дәрігері, жұлдызшы НОСТРАДАМУС (Мишель де Нотрдам)(Nostradamus, Michel de Notredame, Nostredame) дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу