23 қараша, жексенбі, 2014 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23 қараша, жексенбі, 2014 жыл

23.11.2014
23 қараша, жексенбі, 2014 жыл

Қазақстан Жол полициясының құрылған күні

5 жыл бұрын (2009) КСРО және Қазақ КСР-нің халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Шығыс Қазақстанның Құрметті азаматы атағы берілді.

7 жыл бұрын (2007) Павлодарда бұрыннан шығып келе жатқан қоғамдық-саяси газеттердің қатарын екі жаңа апталық басылым толықтырды. Қазақ тіліндегі «Шаһар» және орысша шығатын «Наша жизнь» газеттерінің алғашқы сандары жарық көрді.

9 жыл бұрын (2005) белгілі ақын және қоғам қайраткері, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовке Татарстанның «Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы» атағы берілді.

14 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан болып өзгерді.

19 жыл бұрын (1995) Астана Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды.

22 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кеңсай  зиратында қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің бейіті басына ескерткіш орнатылды.

60 жыл бұрын (1954-1995) белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, Қазақстан Республикасы Таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Өзтүрік МҰСТАФА дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1954) кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң Халық әртісі, Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының иегері Талғат Досымғалиұлы ТЕМЕНОВ  дүниеге келді.

99 жыл бұрын (1915-1967) тарих ғылымдарының докторы, профессор Өміржан МАЛЫБАЕВ  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу