21 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді

03.01.2017
21 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді

21 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді.

25 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.

10 жыл бұрын (2007) Парижде қазақтың танымал жазушысы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың «Белая Аруана» атты кітабы француз тілінде жарық көрді. Кітаптың алғы сөзін көрнектi әдеби сыншы Альбер Фишлер жазды. Аудармасын жасаған белгiлi француз аудармашысы Анри Авриль.

117 жыл бұрын (1900-1974) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы ортопедиялық-травматология негізін салушылардың бірі ЭДЕЛЬШТЕЙН Григорий Львович дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1929-2007) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі АМАНТАЕВ Бәкет Амантайұлы дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1929-1989) айтыс ақыны ОМАРОВ Көпбай дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу