122 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

122 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов дүниеге келді

25.12.2016
122 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері  Тұрар Рысқұлов  дүниеге келді

26 желтоқсан, дүйсенбі, 2016 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

56 жыл бұрын (1960) Тың өлкесі құрылды. Оның құрамына Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

36 жыл бұрын (1980) Ресейлік неміс жазушысы Александр Раймгеннің қазақтардың немістермен өзара қарым қатынасы туралы пьесасына жазылған Республикалық неміс драма театры ашылды.


ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар РЫСҚҰЛОВ  дүниеге келді.

116 жыл бұрын (1900-1978) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты ПОКРОВСКИЙ Сергей Николаевич дүниеге келді.

108 жыл бұрын (1908-1992) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері ИБРАГИМОВА Тәмті Зәріпқызы дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938) техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі, Мәскеу техникалық университетінің және Сібір автомобиль жолдары академиясының құрметті профессоры МҰРТАЗИН Бақытжан Сәтмағанбетұлы дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1949) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші, тележүргізуші, Ресей халық әртісі БОЯРСКИЙ Михаил Сергеевич дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928) америкалық инженер және физик, ұялы телефонмен алғашқы қоңырау шалған адам ретінде белгілі Мартин КУПЕР дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу