«Таңшолпан». Бүгін - ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін - ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күні (ВИДЕО)

05.10.2017

97 жыл бұрын ақын Жұбан Молдағалиев дүниеге келді.

Қазақ әдебиетінде классиктер аз емес. Ал Жұбан Молдағалиев сол шоғырдағы мықтының бірі, әрі бірегейі. Жұбан Молданғалиев майдангер ақын.

1940 жылы әскерге алынып, 1947 жылы майданнан аман-есен оралды. Елге келген соң бірден шығармашылықпен айналысты. Өзінің адуынды жырларымен әдебиет әлемінде тез танылды. «Мен қазақпын» поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналды.

Қазақ әдебиетінде КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын алған үш қаламгер болса, соның бірі - Жұбан Молдағалиев.   

Хабарламаларға жазылу