24 қазан  - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 қазан  - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

25.10.2016
24 қазан  - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

24 қазан, дүйсенбі, 2016 жыл

«Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні

1955 жылғы ақпанның 12-інде КСРО Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

1945 жылы 51 мемлекет қол қойған және бекіткен БҰҰ Жарғысы күшіне енді. Бүгінде БҰҰ-ға 192 мемлекет кіреді. АҚШ осы ұйым бюджетінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.

длж

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында жасаған баяндамасы (АҚШ, Нью-Йорк, 5 қазан 1992 жыл)

 

Бүкіләлемдік даму мақсатындағы ақпарат күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі.

Қарусыздану апталығы

Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі мен Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының шешімімен қазанның 24-і мен 31-і аралығында жыл сайын атап өтіледі.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

20 жыл бұрын (1996) Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

16 жыл бұрын (2000) Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.

11 жыл бұрын (2005) Павлодар мемлекеттік педагогика институтында жаңа жайлы қоныс - Студенттер үйі ашылды.

7 жыл бұрын (2009) «Байқоңыр» ғарыш айлағында оттегі-азот зауыты іске қосылды.

180 жыл бұрын (1836) Филлипс сіріңкеге патент алды.

олб

71 жыл бұрын (1945) БҰҰ жарғысы күшіне енді. БҰҰ 51 ел құрды, оның мақсаты - халықаралық ынтымақтастықты дамыту және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы бейбітшілікті сақтау. Бүгінде БҰҰ-ға 188 ел мүше болып табылады.

16 жыл бұрын (200) берлиндік Мысыр мұражайында Клеопатраның әлемдегі жалғыз қолтаңбасы табылды.


ЕСІМДЕР

121 жыл бұрын (1895-1983) Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали БЕГАЛИН дүниеге келген.

рбо

106 жыл бұрын (1910-1987) ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Темірбай Байбосынұлы ДАРҚАНБАЕВ  дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-1993) Қазақстанның Еңбек сіңірген мұғалімі Мәриям Нұғыманқызы МЫРЗАТАЕВА  дүниеге келді.

75  жыл бұрын (1941) КСРО-ның және Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Гүлшара Ғазизқызы ҮРМҮРЗИНА  дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ  дүниеге келді.

олю

134 жыл бұрын (1882) венгр композиторы, кең таралған оперетталардың авторы   Имре (Эммерих) КАЛЬМАН  дүниеге келді.  

ою

Хабарламаларға жазылу