Қазақстанда мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 13,5 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«2016 жылғы мамырда 2015 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 45%, жармаларға - 33%, кофе, шай және какаоға - 28,5%, май және тоң майға - 27,8%, нанға - 22,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 21,9%, кондитерлік өнімдерге - 20,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 17%, макарон өнімдеріне - 15%, жемістер мен көкөністерге - 11,5%, алкогольді ішімдіктерге - 11%, ұнға - 9,4%, сүт өнімдеріне - 7,9%-ға өсті», - делінген хабарламада.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,8%-ды құрады. Құс етіне баға деңгейі 11,5%, шұжық өнімдеріне - 8,9%, сиыр етіне - 4,3%, шошқа етіне - 2,7%, қой етіне - 2%, жылқы етіне - 1,2%-ға жоғары болды.