Қазақстан әлемнің 117 еліне өз тауарын экспорттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлемнің 117 еліне өз тауарын экспорттайды

21.06.2016
Қазақстан әлемнің 117 еліне өз тауарын экспорттайды

Қазақстан әлемнің 117 еліне өз тауарын экспорттайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Экспорт географиясы 117 елді қамтиды. 2015 жылдың қорытындысында үздік 10 экспорттық елдерге Италия, Қытай, Нидерланды, Ресей, Франция, Швейцария, Румыния, Түркия, Грекия және Испания кірді. Бұл елдерге экспорт көлемі барлық экспорттың 75 пайыз үлесін алады. Экспорттық тауарлар саны  - 824. Экспортты қолдау мемлекеттік бағдарламасымен экономиканың шикізаттық емес секторының шамамен 1500 экспортқа бағдарланған кәсіпорны қамтылды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама жұмыс істеген 6 жылдың ішінде әлемнің 40-тан астам елінде қазақстандық бизнестің шамамен 200 сауда миссиясы өткізілді. Оларға 1 мыңнан астам қазақстандық тауар өндірушілер қатысты.

«Мұндай қолдаудың нәтижесінде машина жасау, химия саласы, металлургия, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, ауыл шаруашылығы тауарлары салаларының өңделген өнімдерін шамамен 1,7 млрд. АҚШ доллары сомасына ЕАЭО, ТМД, ЕО, Азия және Қытай елдеріне жеткізудің экспорттық келісімшарты жасалды. Бұл 1 бюджет теңгесінің 57 теңге экспорттық келісімшартпен қайтуын қамтамасыз етті», - деді Ә.Исекешев. 

Хабарламаларға жазылу