Қарағанды облысы телемедицина жүйесінің игілігін көріп отыр
Қарағанды облысына қарасты 117 медициналық нысанда телемедицина жүйесі
енгізілді. Қазірдің өзінде Осакаров ауданында 400 адам қашықтан кеңес алып
үлгерген. Жалпы өңірде 170 мыңнан астам тұрғын заманауи жүйені пайдалана алады.
Шалғай ауылдардың тұрғындарына аудандық және облыстық аурухана дәрігерлері
онлайн форматта көмек көрсетеді.
Осакаровка кентінің тұрғыны Саягүл Исхан аяғын жарақаттап алған. Травматологтың
кеңесі қажет болғанымен, Қарағандыға барып-қайтуға уақыт та, мүмкіндік те бола
бермейді. Кенттен облыс орталығына жету үшін екі сағатқа жуық уақыт кетеді.
Сондықтан тұрғын қажетті маманның кеңесін аудан орталығынан онлайн түрде алуды
жөн көрген.
Саягүл Исхан, Осакаровка кентінің тұрғыны:
Қарағанды бізден 122 шақырымда. Кейде уақытымыз келеді, кейде келмейді. Такси
жалдауға тура келеді. Ол жақта жұмыстарымыз бітпей қалады. Сол үшін қашықтықта
телемедицина өте ыңғайлы.
Биыл Осакаров аудандық ауруханасында телемедициналық кеңес беретін арнайы
орталық ашылды. Мұнда науқас туралы қажетті мәліметтер онлайн түрде мамандарға
жолданып, дәрігерлер бейнебайланыс арқылы кеңес береді. Жүйе іске қосылғалы
аудан дәрігерлері 260, ал облыс мамандары 160-тан астам онлайн қызмет көрсетті.
Ботагөз Қапарова, аудандық аурухана дәрігері:
Осы телемедицина кешені арқылы ауданымызда сегіз дәрігерлік пункт, екі ФАП,
молодежный кентінде аудандық аурухана және біздің кентдегі аудандық аурухана
жұмыс жасайды. Бұл жоба өте жақсы ауданымызда енді деп айтса болады.
Қазір телемедициналық қызмет Қарағанды облысындағы 117 медициналық нысанда
қолжетімді. Осы арқылы шалғай елді мекендерде тұратын 170 мыңнан астам тұрғын
дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады.
Өңірде 95 дәрігер мен 129 орта буын медицина маманы жетіспейді.
Телемедицина бұл тапшылықты ішінара өтеуге мүмкіндік беріп, алыс жолға шығу
қажеттілігі азайды. «Қазірдің өзінде жүйе ауыл тұрғындарының шамамен 60 млн
теңгесін үнемдеді», - дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы