Жергілікті етікші тұрғындардың алғысына бөленіп жүр
Бала жаста қуыршақ ойнағаннан гөрі ұсталық пен ісмерлікке құштар болған Гүлдана Хауашева өсе келе қызығушылығын кәсіпке айналдырған. Атырау облысы Мақат кентінің тұрғыны арғы аталарынан қалған етікшілік кәсіпті жалғастырып, өз шеберханасын жүргізіп келеді. Аяқкиім жөндеп, бояп, кілт көшірмесін де жасайды. Алдағы мақсаты – өз қолымен аяқкиім тігу. Гүлдананың кәсібі мен арманы жайлы монолог сюжетке зер салайық.
Гүлдана Хауашева, етікші:
Ұлымды еңбекке баулығым келді. Баламның балға ұстап білгенін, шеге қаққанын қаладым. 2006-да бастадым осы істі. Бастағанда ең бірінші мына версаль деген Қытайдың машинкасы, осыны бір таныстарымыздан сұрап алып, өзімнің жатын бөлмеме жер столға қойып, тігіп үйрендім. Ең бірінші көрші-көлем, үйдегі ағайын-туыстарымыздікін жасай бастадық. Алғаш рет 60 мың теңге несие алып, бүкіл материалды Түркістаннан әкеліп берді. Сөйтіп екеуміз екеулеп, күйеуім кешке көмектеседі жұмыстан келгенде, екеулеп үйреніп, 2013-терде 1 млн 600 мың кредит алдық. Соған жаңадан киоска жабдықтадық. Өкінген емеспін, өзіммен өзім әйтеуір. Нанымды табам. Біреулер болады, Мақаттан көшіп кетеді ғой Атырауға бір жаққа, бәрібір іздеп келіп тұрады. Сол жақтан тасып кеп тұрады. Саған жасатқанымыз жақсы деп. Кілт қостым сосын. Көшірмесін жасауды. Оны үйренемін деп әркімнен сұраймын барып кілт жасайтын жігіттерден. Көбі әйел адам деп менсінбей ма. Жауап бергісі келмейді. Айтқысы келмейді. Содан ашуланып, ютубты әрі қопарып, бері қопарып, содан үйреніп алдым самоучка болып. Етікші болу үшін қолдың кірлегенінен, еңбектен, жұмыстан қашпау керексің деп санаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы