Басты Жаңалықтар Қазақстан халықаралық бизнеске арналған жобаларын көбейте бастады

Қазақстан халықаралық бизнеске арналған жобаларын көбейте бастады

Қазақстан халықаралық бизнеске арналған жобаларын біртіндеп кеңейтіп келеді. Бұл туралы The World Financial Review деп аталатын британдық беделді іскерлік басылым жазды. Авторлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық бағыты мен Қазақстанның халықаралық бизнес үшін жасап отырған мүмкіндіктерін жан-жақты талдаған. Мақалада мұнай-газ секторының шетелдік капитал тартуға, және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік бергені баса айталған. Нәтижесінде, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жол ашылды. Еліміздің тәуелсіз кредиттік рейтингтері де инвесторлар үшін маңызды фактор болып отыр. The World Financial Review басылымы Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хабқа айналып келе жатқанына ерекше тоқталды. Тартылған инвестиция көлемі 2019-2025 жылдар аралығында155,8 млрд долларға жетті. Жалпы ішкі өнім 2026 жылы 4,8%-ға, 2027 жылы 4,5%-ға өседі деген болжам бар.

Бөлісу