Еркін Жақыпұлы: «National Geographic Қазақстан» журналы оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін Жақыпұлы: «National Geographic Қазақстан» журналы оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр (ВИДЕО)

27.05.2016
 Еркін Жақыпұлы:  «National Geographic Қазақстан» журналы оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр (ВИДЕО)

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «National Geographic»-тің үздік 50 суреті» атты фотокөрме ашылады. Шара журналдың тұсаукесер рәсімі аясында ұйымдастырылып отыр.

Осыған орай, «National Geographic Қазақстан» журналының бас редакторы Еркін Жақыпұлы «Таңшолпанға» сұхбат берді. 

 «Қазіргі уақытта журналдың шығып жатқанына жарты жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында  бес саны жарық көрді. Басылым оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл да біздің жұмысымызға дем беруде», дейді студия қонағы.

«National Geographic»-тің үздік 50 суреті» - дәстүрлі шара. АҚШ-тан Орталық Азияға тұңғыш рет 50 үздік суретті алып келіп отырмыз.   Әр суреттің өзінің өзгеше тарихы, атқаратын миссиясы  бар. Сондықтан, көрме көпшілік қызығушылығына ие болады деген сенімдеміз.

Журналдың мақсаты - терең зерттеулер нәтижесін оқырманға сапалы фотолар және қарапайым тіл арқылы жеткізе білу. 70 пайызы әлемдік, 30 пайызы қазақстандық контентті қамтиды. Басылым қазақ оқырмандарына әлемдегі соңғы жетістіктермен өз ана тілінде танысуларына мүмкіндік беріп отыр». 

Журнал ұжымы жақын күндері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, Балқаш қаласына ортақ экспедиция жасамақ«Оның нәтижесіне АҚШ-тағы редакция үлкен қызығушылық танытып отыр», дейді Еркін Жақыпұлы. 

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу