Басты Жаңалықтар Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Риодағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды

Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Риодағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды

Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Риодағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды

24-26 мамыр аралығында Алматыда ересектер арасында жеңіл атлетика бойынша ҚР кубогі мен  чемпионаты өтіп жатыр. Додада солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына тағы екі  лицензия ұтып алды.

Мұндай жетістікке Екатерина Эктова (секіру) және Маргарита Мукашева (800 м жүгіру) қол жеткізді, деп хабарлады СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

«Алматыда Екатерина Эктова 14,16 м (Олимпиада лицензиясын ұтып алуға жол беретін ең төменгі көрсеткіш 14,10 м) нәтижесін көрсетсе, ал Маргарита Мукашева 800 метрді 2 минут 00,87 секунд ішінде жүгіріп өтті. Бұл Рио ойындарына лицензия алу үшін жеткілікті», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін үш қарғып секіруден Ирина Эктова Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

Бөлісу