Басты Жаңалықтар Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтары 6,09 трлн теңге болды

Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтары 6,09 трлн теңге болды

Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтары 6,09 трлн теңге болды

«Барлық зейнетақы жарналары бойынша  10,1 млн-нан аса, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша шамамен 9,7 млн-нан аса шарт жасалды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны - 398 472, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша - 38 835 болды. 2016 жылдың басынан бастап алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37  млрд теңгеге жетті», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23  млрд теңге БЖЗҚ-дан төленсе, оның ішінде 6,74  млрд теңге сақтандыру ұйымдарына аударылды.

Айта кету керек, қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы жарналар түсімін бақылай алады. Салымшылардың жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуы бойынша ыңғайлы әрі тиімді электрондық қызметтері қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде ұялы қосымшадан  201 мың үзінді көшірме жүктелген және электрондық үкімет порталынан 290 мың үзінді көшірме алынған.

Бөлісу