Биыл Қазақстанда металлургиялық кен өндіру 5 пайызға артады - Ә. Исекешев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда металлургиялық кен өндіру 5 пайызға артады - Ә. Исекешев

15.06.2016
Биыл Қазақстанда металлургиялық кен өндіру 5 пайызға артады - Ә. Исекешев

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда металлургиялық кен өндіру 5 пайызға артады. Бұл туралы бүгiн елордада «Astana Mining & Metallurgy 2016» VII Халықаралық Тау-кен және металлургия конгрессі барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлiм еттi.

Атап айтқанда, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда металлургиялық кенді өндіру деңгейі 2 пайызға төмендеді, яғни бұл негізінен темір кенін өндіру көлемінің қысқаруынан орын алды. Осы ретте министр өндіру деңгейінің төмендеуіне ҚХР-ға тасымалдың тоқтауы және РФ-ке тасымалдың қысқаруы себеп болғанан жеткізді. Бұл ретте рубльдің арзандауы елеулі әсер етті.

Белгілі болғандай, 2015 жылы металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 пайыздан астам көрсеткішке өсті. Бұл өсімге индустриаландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығында 60-тан астам жобаны жүзеге асырылуы, сондай-ақ ұлттық валютаның еркін бағамға ауысуы ықпал етті.

«Үкімет тарапынан қиын кезеңде өнеркәсіпке қолдау жасау жоспары қабылданды, сондықтан да бұл жоспар көмек көрсетудің тиісті шараларын қамтып отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша металлургиялық кенді өндіруде 5 пайыздық өсімді болжаудамыз»,-деді министр. 

Хабарламаларға жазылу