Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы.
«Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен.
Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады.
«Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.
1990 жылдан «Елім-ай» киностудиясының президенті. «Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
ҚазАқпарат