Биыл «Қазақ» апталық газетінің шыға бастағанына 103 жыл (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Қазақ» апталық газетінің шыға бастағанына 103 жыл (ФОТО)

27.04.2016
Биыл «Қазақ» апталық газетінің шыға бастағанына 103 жыл  (ФОТО)

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

Оның редакторлық алқасында қазақ ұлтының белгілі тұлғалары, ұлттық-азат ету қозғалысының өкілдері   - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов болды. Бірінші күннен-ақ газетте мақсаттары мен міндеттері көрініс тапты.

Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Алаш» партиясының жетекшілері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан.

20 ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған – Міржақып Дулатұлы.

Хабарламаларға жазылу