Оралдағы сән салонында болған қайғылы жағдайға байланысты белгілі хирург өзінің пікірімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы сән салонында болған қайғылы жағдайға байланысты белгілі хирург өзінің пікірімен бөлісті

29.03.2016
Оралдағы сән салонында болған қайғылы жағдайға байланысты белгілі хирург өзінің пікірімен бөлісті

Оның сөзінше, әйел азаматтың өмірімен қош айтысуына  анафилактикалық шошыну әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдай кез келген адамның басында туындауы мүмкін, дейді маман.

Бұл туралы бүгін Bnews порталы жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда сән салонында егу шарасынан кейін 39 жастағы әйел азаматша өмірімен қош айтысты. Егу жұмыстарын Мәскеуден келген маман жасаған. 

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Флюра Саматованың айтуынша, екі бетіне жасалған егу шараларынан соң әйел бозарып, демі жетпей қалған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері салон орналасқан ғимаратты тексеру үстінде. Ал, мерт болған әйелді алып кеткен. Жас ананың соңында 3 бала қалған.

Пластикалық хирург Владимира Хегайдың сөзінше, егу кезінде ешқандай       да аллергиялық әсерлер болмайды деп айту қиын. Ондай жағдай дәрігердің  де емделушінің да басында болуы мүмкін. «Біріншіден, сән салонында мерт болған әйелге қандай дәріні егілгенін ешкім де білмейді. Екіншіден, әйелде анафилактикалық шошыну, яғни, егілген препараттың мықты әсері болуы мүмкін»,-дейді Владимир Хегай. 

Оның сөзінше, мұндай жағдайда дер кезінде жасалған реанимациялық көмек пайдасын тигізуі мүмкін. Осыған қарай, барлық медициналық мекемелерде, кабинеттерде шошынуға қарсы арнайы дәрі-дәрмектер жиынтығы болуы тиіс. Олар медицинада емдік әрекеттер үшін қолданылады.

«Аталған дәрі-дәрмектер косметологияда да қауіпсіз негізінен. Әрине, кейбір адамдарда ол дәрілерді қабылдаған алғашқы күні әлсіреу, бас айналу деген сияқты жағдайлар болуы мүмкін. Алайда, бұл тек уақытша ғана болатын жағдайлар»,-дейді маман.

Хабарламаларға жазылу