
Қанды топ-топқа бөлу жүйесі 1900 жылдары-ақ пайда болған. Адамның қан тобы спецификалық көмірсулар мен ақуыздар түрлі қан түрлерін қалыптастырады. Қанның негізгі 4 тобы бар. Олардың ішінде ең көп тарағаны – екінші топ. Сізде қандай топ екенін білу аса маңызды.
Себебі, аяқ астынан біреуге қан құю керек болған жағдайда сенімді болуыңыз қажет. Сондықтан, әскерилердің киімдерінде қан тобы мен резус-фактордың оң-терісін білдіретін жазу болады, ал, төлқұжатына арнайы мөр басылады.
I топ
Бұл неандерталдықтар дәуірінен бері сақталып қалған көне қан тобы. Сол дәуірде адамдар көбіне жануарлардың етімен тамақтанатын болған. Сол себепті, ақуызға толы ет ем-дәмі дәл осы қан тобы бар жандарға жақсы келеді.
I топтағы адамдар – болмысынан көшбасшы. Олардың белгілі бір жайтты алдын ала болжап білуі кез келген қиындықтан кедергісіз шығуға мүмкіндік береді. Тек бұл адамдардың жауапкершілігі төмен келеді.
Сондықтан, бұл топтағы адамдар жетістікке жеткісі келсе, дәл осы кемшілікті қолға алғаны жөн. I топтың адамдары белсенді қозғалуы керек. Бұл олардың ұзақ өмір сүруіне көмектеседі.
II топ
II топ кейінірек пайда болды. Бұл кезде адамдар егіншілікпен айналыса бастаған. Сондықтан да, бұл топтағы адамдар түрлі тамақтану рационында өздерін жақсы сезінеді. Олар кез келген қиындыққа тез бейім келеді, әрі даукес емес.
Сондай-ақ, II топтың адамдары кіммен болсын тез тіл табысып кететін, түрлі тіл білетін жандар. Әдетте, бұл топтағы адамдардың көзі мен жүрегінде ақау болады. Сондай-ақ, бауыр жұмысына да бей-жай қарамаған абзал.
III топ
III топ Жер беті суық ауа райына көше бастаған кезде пайда болған. Аптап ыстықтан бірден суық атмосфераға ауысқан кезде, қанның құрамына өзгеріс енеді, мутация басталады. Бұл топтағы адамдардың ерекшелігі сол, олар шектен тыс төзімді келеді.
Олар асқан зергер және білікті хирург бола алады. Сондай-ақ, өмірі істеп көрмеген істі керемет тындыра алатын қасиетке ие. III топтың адамдары асқазан және инфекциялық ауруларға шалдыққыш келеді.
IV топ
IV топ – ең сирек кездесетін әрі жаңа қан тобы. Ол шамамен 1000 жыл бұрын пайда болған. IV топтағы адамдардың иммунитеті мықты, енді жұққан түрлі ауруға төтеп бере алады. Алайда, олар есту мүшесі, тері, буын және сүйек ауруларынан зардап шегуі мүмкін. Ғалымдар мен өнертапқыштардың денінде осы қан тобы.
