«Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-ЕРЦ» базалық мәліметтерін біріктіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілген. Бір ай көлемінде 240 мыңға жуық дербес шоттар реттелді, содан кейін екінші деңгейлі банктерде төлемдерді қабылдау қажеттілігі туындаған. Коммуналдық қызмет үшін Біріңғай төлем құжаттарының барлық банктермен келісімшарттар жасалмауы салдарынан «Астанаэнергосбыт» ЖШС кассаларында кезектер пайда бола бастады. Бірақ, бүгінгі күнде банктер штаттық режимде жұмыстарын бастады және төлем қабылдау жүйесі реттелді деуге толық негіз бар.
Қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ кассаларында, «Қазақстан Халық банк» кассалары мен интернет-банкингтерінде, «Цеснабанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, сондай-ақ, «Forte Bank» АҚ интернет-банкингі арқылы төлемдер жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» «Астана-плат», «Касса 24», «QIWI» төлемдер жүйесіне қолжетімділікті, сондай-ақ, «Сбербанк России», «БанкЦентрКредит», «Эксим банк» банктеріне төлемдерді жіберу мүмкіндігі бойынша өз қызметін қызметін ұсынды.
24 қазаннан бастап «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» төлемдерді қабылдай бастады. «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Кабдиннің айтуынша, Біріңғай төлем құжаты Астана қаласында көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру мақсатында енгізілді.
Сонымен қатар, компания алдағы уақытта Біріңғай төлем құжаты жұмыстарын жетілдіреді. Жуырда Біріңғай төлем құжаттарының мәлімет базасы egov «электрондық үкімет» порталымен біріктірілмек. Жаңа төлем құжатының енгізілуіне орай төлеу мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылды.