Бүгін – дүниежүзілік туризм күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – дүниежүзілік туризм күні

27.09.2015
Бүгін – дүниежүзілік туризм күні

Дүниежүзілік туризм күнін 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.  

Бұл мейрамды атап өтудегі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін , туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.

Дүниежүзілік туризм күнін әлемнің көптеген елдері 30 жылдан астам уақыт атап өтуде. Мереке жыл сайын Бүкіләлемдік туристік ұйым жариялаған тақырып бойынша аталады. Дәстүр бойынша бұл күні туризмге арналған жиындар және мерекелік шаралар мен фестивальдар өтеді.

Хабарламаларға жазылу