«Астана» - АПОЭЛ-мен тең ойнап, келесі кезеңге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - АПОЭЛ-мен тең ойнап, келесі кезеңге шықты

27.08.2015
«Астана» - АПОЭЛ-мен тең ойнап, келесі кезеңге шықты

Бүгін Чемпиондар Лигасының плей-офф раунды аясындағы кипрлік АПОЭЛ және қазақстандық «Астана» клубтары арасында қарымта кездесу өтті.

Тартысты өткен ойында «Астана» клубы 1:1 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстанның футбол тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтті.

Еске сала кетейік, Астанада өткен алғашқы ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген еді. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Бауыржан Жолшиев. Жалпы есеп 2:1.

 

АПОЭЛ (Никосия, Кипр) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 1:1 (0:0)

Алғашқы матч: 0:1

Голдар: Штилич 60 (1:0), Максимович 84 (1:1)

Ескертулер: Де Винсенти 32, Хараламбидес 61, Вандер 88 — Илич 37, Каньяс 71, Аничич 88

АПОЭЛ: Ватерман, Карлао (Жоао Гильерме 83), Антониадес (Пентковски 86), Макридис (Хараламбидес 55), Де Винcенти, Леал, Штилич, Астис, Мораиш, Сержиу, Вандер

«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Жуков (Бейсебеков 89), Кетевоама (Щеткин 90), Нөсербаев (Кабананга 68), Жолчиев, Илич, Постников, Шомко, Каньяс

Бас төреші: Мартин Аткинсон (Англия)

26 тамыз. Никосия. ГСП.

Хабарламаларға жазылу