Бокстан Әлем чемпионатында 7 қазақстандық спортшы ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Әлем чемпионатында 7 қазақстандық спортшы ширек финалға шықты

10.05.2023

Бокстан Әлем чемпионатына қатысып жатқан 7 қазақстандық спортшы ширек финалға шықты. Ташкентте өтіп жатқан доданың тоғызыншы күні ұлттық құраманың тең жартысы келесі кезеңге жолдама алды. Атап айтқанда, команда капитаны Асланбек Шымберген израильдік Мирослав Капулер-Ищенконы, ал 80 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз Нұрбек Аралбай түркиялық Каан Айкутсунды жеңді. Ал үндістандық спортшылармен қарсылас болған Махмұд Сабырхан мен Дулат Бекбауов та келесі кезеңге өтті. Одан бөлек, Ұлттық құрамадығы Санжар Тәшкенбай, Серік Теміржанов пен Қамшыбек Қонқабаев та ширек финалда. Ташкенттегі Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін болады. Оған 104 елден 600-дан аса былғары қолғап шебері жиналды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 5,2 млн АҚШ доллары.  

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу