Әділбек Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады

27.08.2015
Әділбек Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады

Бүгін таңертен  футболшылар елордаға оралды. Орталық алаңда футболшыларды ұлықтау салтанатына астаналықтар мен жанкүйерлер жиналды. Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков футболшыларды жеңістерімен құттықтады.

«Сіздер лайықты ойын үлгісін көрсеттіңіздер. Кеше түнде барлық елорда тұрғындары сіздерді қолдау үшін алаңға жиналды. Сіздер - Астананың ғана емес, күллі Қазақстанның мақтанышысыздар! Мемлекет басшысы отандық футболдың дамуына көп көңіл бөледі. Президенттің қолдауы арқасында ел футболшылары осындай жеңістерімен бізді қуантуда», - деді қала басшысы.

Еске сала кетейік, «Астана»  футбол клубы АПОЭЛ құрамасына қарсы Никосияда өткен қарымта матчта тең ойын көрсетті. Қорытынды есеп 1:1, алайда екі матч қорытындысы бойынша "Астана" құрамасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. 3000 астам футбол жанкүйерлері түнде «Қазмедиа орталығы»  алдында жиналып, үлкен экрандардан аталмыш ойынды тамашалады.

Бүгін кешке Швейцарияның Нонье қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі іріктеу рәсімі өткізіледі. Соның нәтижесінде отандық құраманың келесі қарсыластары анықталады. Көрсетілім Астана уақыты бойынша 21:45 өтеді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу