«Астана» швейцариялық «Янг Бойзпен» тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» швейцариялық «Янг Бойзпен» тең түсті

30.09.2016
«Астана» швейцариялық «Янг Бойзпен» тең түсті

Еуропа лигасы матчында «Астана» футболшылары швейцариялық «Янг Бойз» клубымен ойнап, 0:0 есеппен тең түсті. 

«Астана» командасының қорғаушысы Марин Аничичтың айтуы бойынша, бұл матч көрермендер үшін өте қызықты өткен. Себебі, командалар жақсы ойын көрсетті.

«Сондай-ақ, «Астана» командасының 3 ұпай алуға мүмкіндігі болды. Дегенмен, бұл - футбол», деп қорытындылады М.Аничич sрorts.kz сайтына берген сұхбатында.

Келесі ойын «Олимпиакос» командасымен 21 қазан күні 01:05-те Пирее қаласында өтеді.
 

Хабарламаларға жазылу