«Астана» өз алаңында АПОЭЛ-ден басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» өз алаңында АПОЭЛ-ден басым түсті

25.11.2016
«Астана» өз алаңында АПОЭЛ-ден басым түсті

«Астана» футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсті.

Е тобының 5-туры аясындағы матч «Астана Аренада» өтті және алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Есеп - 2:1.

Осылайша, «Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті. Оның алдында екі мәрте тең түскен. Жеңілісіне қарамастан, АПОЭЛ 10 ұпаймен көш бастауда. Екінші орында 7 ұпаймен «Олимпиакос» келеді. «Астана» - үшінші (5 ұпай), «Янг Бойз» төрт ұпаймен төртінші келеді.

Топтағы соңғы ойынды «Астана» 8 желтоқсанда «Янг Бойз» командасына қарсы өткізеді.

Хабарламаларға жазылу