«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

27.08.2015
 «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

Қазақстандық клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен «Астана» клубының кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды.

АПОЭЛ ойынның 60-шы минутында есеп ашты. Кездесу соңына таман оң қапталдан Бауыржан Жолшиевтің берген пасын Неманья Максимович алаң иелерінің қақпасына енгізіп, есепті теңестірді.

Апта бұрын өткізілген Астанадағы матчта елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Гүлхия СЕЙІТОВА

Хабарламаларға жазылу