Жайықтың Орал аумағындағы су деңгейі тұрақталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтың Орал аумағындағы су деңгейі тұрақталып келеді

26.04.2024

Көшпелі студия Орал қаласындағы саябақтан тікелей эфирге қосылып тұр. Біз тұрған жер бір кезде көпшілікті демалыс орны болған. Қазір Жайықтан жайылған судың астында тұр. Орындықтар мен көше шамдарыда судың ортасында қалып отыр. Мұнда адамдарға кіруге уақытша шектеу енгізілген. Дегенмен аймақта жағдай тұрақтылып келеді деп айтуға болады. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп түсіп келе жатыр. Ұлттық арнаның көшпелі студиясы үш аптадан бері батыстан хабар таратып келеді. Алдымен Атыраудан шықтық, соңғы екі апта Оралдағы ағайынмен біргеміз. Батыстағы Жайықтың жайын тілшілеріміз де қалт жібермей қадағалап жүр. Өзеннің Орал аумағындағы су деңгейі тұрақталып келе жатыр. Бірақ Атыраудағы су деңгейінің көбейгені байқалған. Сондықтан алдымен Атыраудағы жағдайды біліп алайық. 

Хабарламаларға жазылу