«Астана» ФК УЕФА-ның клубтық рейтингінде екі саты төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» ФК УЕФА-ның клубтық рейтингінде екі саты төмендеді

09.12.2016
«Астана» ФК УЕФА-ның клубтық рейтингінде екі саты төмендеді

Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчтарын қорытындылай келе, УЕФА клубтық рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Янг Бойздан» жеңіліп қалған (0:3) «Астана» 111-ші орыннан 113-ші орынға сырғыды. Қазақстан чемпионының активінде әдеттегідей 16.800 балл бар. «Астананың» топ бойынша барлық қарсыластарының қазақстандықтардан жоғары орналасқанын атап өткен жөн:  «Олимпиакос» — 26-шы (60.380), «Янг Бойз» — 68-ші (28.915), АПОЭЛ — 85-ші (24.110).

«В» тобындағы ойындар аяқталған соңғы командалардың ұпай саны бойынша тізімі: АПОЭЛ — 12 ұпай, «Олимпиакос» — 8, «Янг Бойз» — 8, «Астана» — 5. АПОЭЛ мен «Олимпиакос» («Янг Бойздан» бұрынғы жеке кездесулердің артықшылығы арқасында) плей-офф кезеңіне шықты.

Хабарламаларға жазылу