EURO 2020: Швейцария мен Испания ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2020: Швейцария мен Испания ширек финалға шықты

29.06.2021

Футболдан тартысқа толы Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр. Ширек финалға тағы екі команда шықты. Кеше Бухаресте өткен матчта Швейцария құрамасы әлем чемпионы Францияны пенальти сериясында ұтып, жарыс жолынан шығарып салды. Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Экстра таймда екі командада гол сала алмай, кім мықтыны 11 метрлік айып добы арқылы анықтады. Осылайша, Швейцария 67 жылдан кейін ірі доп додасының ширек финалына жолдама алды.

Ал бұған дейін 8 мәрте кездескен Испания мен Хорватия арасындағы ойын да 3:3 есебімен аяқталған. Алайда овертаймда Испания қарсылас қақпасына қос гол салып, келесі кезеңге өтті. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу