Басты Жаңалықтар Павлодарда мектеп оқулығын сатып алуға 593 миллион теңге бөлінді

Павлодарда мектеп оқулығын сатып алуға 593 миллион теңге бөлінді

Павлодарда мектеп оқулығын сатып алуға 593 миллион теңге бөлінді

Павлодар облысында жаңа 2015-2016 оқу жылында шәкірттерді оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 593 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Өткен жылы оқулықтарды сатып алуға - 476 миллион, ал 2013 жылы 391 миллион теңге қаржы жұмсалған.  Жаңа оқу жылында биылғы жылы баспадан шыққан 4, 5, 6 және 11-сынып оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 3-сынып оқушылары үшін ағылшын тілі, 7-сыныптың оқушыларына информатика пәнінен оқулықтар сатып алынады. Бұдан басқа, қосымша мектепалды және басқа да сынып оқушыларына арналған 2013-2014 жылы басылып шыққан кітаптар сатылып алынады», - деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тамара Иванова

Білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өңірде оқулықтардың қоры әр 4 жыл сайын жаңартылады. Қазіргі таңда өңір мектептерінің кітапханаларының әдебиет қорында 5 943 335 кітап бар, олардың 2 856 066-сы – пән оқулықтары.  

 

ФОТО: biznesoblast.com

Бөлісу